$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздік жолында тайсалмаған Тайманов

Ширек ғасыр бұрын бодандық бұғауы, отаршылдық озбырынан құтылған жұртымыз бүгінде өшкені жанып, өлгені тірілгеніне разы. Қайратын қаламына буған қаламгерлерін түгендеп, тәуелсіз ойдың иесі болғанына қуанышты. Жырсүйер жамағат бүгін тағы бір ұлын ұлықтады. «Боралдайдан жыр боп ұшқан бозторғай» Орынбай Таймановты еске алды.

Басқосу ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында оңтүстіктің перзенті, айтыскер ақын Орынбай Тайманұлының туылғанына 150 жыл толуына арналды. Мақсат - ұлы далаға ұлық өнерімен еңбек еткен Орынбай ақынның шығармашылығына шолу жасап, жас оқырмандарға таныстыру.

ҚҰРМАНҒАЛИ ОРАЗБАЕВ - М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

- Біздің қазақ әдебиетінің 20 ғасыр басындағы айтыскер ақыны О.Тайманұлының шығармашылығы өте зерттелмей жатқан тақырып. Міне, сол шығармашылықты зерттеудің алғашқы биыл 150 жылдық мерейтойдың бастамасы ретінде осы мерейтойдың атап өтудің бір маңызы боп тұр.

Іс-шараға «Әділет» газетінің бас редакторы, жазушы Захардин Қыстаубаев, ақын Қабылбек Төретайұлы, жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы қатысты. Кеште студенттер Орынбай Таймановтың шығармаларын оқып, жас ақындар арнау айтты. Кеш барысында ақын-жазушылар өзара пікір алмасып, әсерлі әңгіме құрды. Жыр жаттаған, ақырындап, өлең деп, сөз жұптаған жастарға бұл ақын шығармаларымен танысып, әдеби дәріс тыңдауға мүмкіндік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары