Нұрлы жол 01.12.2016 сағат 03:01

Астанада «Қазақстан: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» атты конференция өтті

Бүгін Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Қазақстан: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбында конференция өтті. Конференция аясында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, шетелдік әлеуетті және қазіргі таңда елімізде жұмыс істеп жатқан инвесторлардың қатысуымен инвестициялық форум, инвестициялық жобалардың бірлескен көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық дамуына үлес қосқан шетелдік инвесторлар марапатталды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстыру мақсатында шетелдік компания өкілдерімен кездесті.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шетелдермен арадағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытып, елге шетелдік инвестиция тарту үшін қолайлы орта қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатқа жету үшін, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі шетелдік бизнеспен байланыс орнатып және ынтымақтастықты нығайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі конференция аясында да осындай жұмыстар өз нәтижесін берді.

Конференцияны ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ашты. «Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі бүгінгі конференцияны еліміздің іскерлік өміріндегі маңызды оқиға ретінде қарастырады. Бұл әртүрлі елдердің саяси және іскер топ өкілдерімен тікелей байланыс жасап, сұқбаттастық орнатудың тамаша мүмкіндігі. Біз бүгінгі кездесуді еліміздің инвестициялық әлеуетінің ілгерілеуінің тиімді тәсілі деп білеміз»-деді министр.

Конференция жұмысына агроөндірістік кешен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, тау-кен - металлургия кешені, энергетика, мұнай-газ және банк секторы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инновация, көлік және логистика, тағам өндірісі, химия саласы, машина жасау, кеме жасау, медицина және туризм саласындағы қазақстандық және шетелдік 100-ге тарта компаниядан 300-ге жуық өкіл қатысты. Мемлекеттік ұйымдардың өкілдері (салалық министрліктер, әкімдіктер), сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, шетелдік бизнес-қауымдастықтардың басшылары конференцияға үлкен қызығушылық танытты.

Конференция аясында Қазақстан индустриясына, инвестициялық қызметтің кеңеюі мен жоғары технологиялық өндірістің дамуына қосқан үлестері үшін шетелдік инвесторларды марапаттаудың дәстүрлі рәсімі өтті. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің наградасын мынадай компаниялар алды: Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын өңдеу және пайдалану бойынша «КПО» бірлескен кәсіпорны, Tenaris италиялық құбыр өнімін өндіруші және жеткізуші, уран өндіруші жапондық MarubeniCorporation компаниясы, құрылыс материалдарын өндіруші HeidelbergCement неміс компаниясы, экологиялық таза отынды дамытумен айналысатын  оңтүстік кореялық KOLON компаниясы, «ЭФКО» ресейлік май өндіруші, Kelun Kazpharm қытайдың фармацевтикалық компаниясы, түріктің кондитерлік өнімдер шығаратын Pladis компаниясы (Қазақстанда ULKER деген атпен белгілі). Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының дамуына қосқан инвестициялық белсенділігі үшін «Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі» және үкімет пен бизнес арасындағы диалогты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қазақстанның шетелдік инвесторлар Кеңесі» қауымдастығы марапатталды.   

Конференция шеңберінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі әлеуетті шетелдік инвесторларға экономиканың түрлі секторлары бойынша қазақстандық жобаларды таныстыру мақсатында индустриялды-инновациялық жобалардың бірыңғай көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге  қазақстандық 70 компания мен кәсіпкер қатысты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар