$ 448.15  483.46  4.86

Тәуелсіздік жылдары түлеген туризм

Түркістан - туризм саласы қарыштап дамыған шаһар. Мұнда бүгінде саяхатшыларды арнайы тіркеп, оларды маңызды жерлерге апарып, таныстыратын арнайы орталық ашылған. Қазір 20-дан астам қызметкер шаһарға келуші туристерге 24 сағат бойы тегін қызмет көрсетеді.

Көне шаһарды алдын-ала бейнебаян арқылы көргісі келгендер онлайн режимде қаладағы тарихи орындармен алдын-ала танысып, мәлімет жинақтай алады.Түркістан туристік ақпараттық орталығы тарихи нысандар шоғырланған қасиетті қаладағы Әзірет Сұлтан қорының жанынан ашылған. Бұл орталықтың айрықша жұмысының бірі – қалада бірнеше орынға үш тілде жазылған электронды тақтайшалар орнату. Аталмыш құрылғының баптаулары арқылы шаһарға келген туристер өзіне қажетті тілді таңдап, керек ақпаратқа қол жеткізе алады дейді орталық маманы.

НҰРСҰЛУ БУРХАНОВА – ТҮРКІСТАН ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

- Бұрын бізден өткен тарихты елдің бәрі біле бермейді. Сондықтан да, біз мынау Арыстанбаб кесенесі мен Гаухар ана басына апарамыз. Бәйдібекке саяхат жасатамыз. 1 күннен бастап, 5 күнге дейінгі саяхаттар бар.

Бір жыл ішінде Түркістанға 1 миллионнан астам турист саяхаттап келген. Ақпараттық технологияның арқасында киелі мекенді кеңінен танып білгісі келетіндердің қарасы жыл санап артып келеді. Мамандардың айтуынша, Түркістанда 45-тен астам туристік тарихи ресурс бар. Бірақ оның басым бөлігін көпшілік біле бермейді. Ұлы жібек жолының күре тамырына айналған оңтүстіктің өзіндік ерекшелігі мен тарихи орындарын танытуда аталмыш орталықтың қызметі орасан.Орталық заман ағымына қарай күнара жұмысын жетілдіріп келеді. Қазір мұнда үштілді меңгеру қажеттілігіне сәйкес нұсқаушылар даярлануда. Олар қай уақытта болмасын, келушілерге көмек көрсетуге әзір. Тәуелсіздік жылдары түлеген туризм саласы әрі қарай да қарыштап дами бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары