$ 448.89  477.93  4.76

Көлік саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша ағымдағы жағдай

2016 жылғы 6 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров көлік саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндама жасады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлап отыр.

2015 жылы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңының қабылдануына дейін жобалар «Концессиялар туралы» (2006 жылғы 7 шілдедегі № 167) заңы шеңберінде концессия тетігі бойынша іске асырылды.

Мысалға, көлік саласында 2 жоба іске асырылды.

1) «ATM Group» түрік компаниясымен бірлесе отырып Ақтау қ. әуежайының жаңа терминалын салу. Жалпы құны 31 млн. АҚШ долларын құрайды. 2009 жылы жаңа жолаушы терминалының құрылысы аяқталды. Терминалдың өткізу қабілеті сағатына 450 жолаушыны құрайды, бұл өз кезегінде жолаушы тасымалдау көлемінің 20% өсуіне әкелді. Қазіргі уақытта Ақтау қ. әуежайы қызмет көрсетілетін жолаушылар саны бойынша елдің үшінші әуежайы болып саналады.

2) Екінші жоба концессиялық негізде іске асырылған ұзындығы 151 км «Шар – Өскемен» темір жолының құрылысы. Аталған темір жол 2006 жылдан бастап 2008 жылдар кезеңінде (Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңының қабылдануына дейін) инфрақұрылымдық облигацияларды шығару есебінен салынды. Темір жолдың пайдалануға енгізілуі ресей аймағына «кіру» қажеттілігін алып тастау есебінен бағдар мен жүк тасымалдау мерзімдерін (орташа алғанда 10 сағатқа) тиімді етуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні аталған учаске бойынша үш жолаушы поезді жүріп тұрады, жылдық тасымалдау көлемі шамамен 40 млн. тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде көлік саласында пысықтау және іске асыру кезеңінде  5 жоба бар.

Е.Хаировтың айтуынша, қазіргі уақытта ҮАААЖ жобасы бойынша «Alsim Alarko – McOil – СК – Korean Expressway» Консорциумымен келіссөздер жүргізілуде. Олардың негізгі мақсаты – қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Консорциум ұсынған төлемақыны барынша түсіру.

Келіссөздердің алты раундының қорытындысы бойынша Консорциум концеденттің негізгі шарттарын қарауға дайын және акционерлермен ұсынылған шартты келісу үшін ағымдағы жылғы 12 желтоқсанға дейін қосымша уақыт беруді өтінді, оның нәтижесі бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін Комиссия отырысына шешуге шығарылатын аса нақты ұсыныстарды ресми хатпен ұсынуды келісті.

Анықтама. Болжамды құны: 350,7 млрд.теңге

құрылыс мерзімі: 2017-2021 жж;

пайдалану мерзімі: 2021-2036 жж.

«Алматы – Қорғас» а/ж учаскесінде автомобильді өкізу бекетінің инфрақұрылымын құру жобасы «Eurotransit Terminal» ЖШС жеке әріптестікпен бастамашылық етілді және бүгінгі күнге ұсынылған жобаның тұжырымдамасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Сондай-ақ, «КЦ КазЦентр МЖӘ» ҚО» АҚ жобасының тұжырымдамасына сараптама жасалады. Сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда, келісімшарттың тәртібі бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жоспарланады.

Анықтама. Болжамды құны: 75 млрд.теңге

құрылыс мерзімі: 2016-2017 жж;

(кейін пайдаланылмайды)

Ұзақтығы 48 шақырым болатын «Шымкент қ. Оңтүстік-батыс ақылы айналма автомобиль жолын салу және пайдалану» жобасына қатысты вице-министр бүгінгі күні аталған жоба бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен концессиялық ұсынысын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде (РБ бөлінген 110 млн. теңге шеңберінде, әзірлеуші - «KPPF» ЖШС) және аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін конкурс құжаттамасын әзірлеу басталатынын айтты. 2017 жылдың соңында конкурс рәсімдерін өткізуді бастау жоспарланып отыр.

Анықтама. Болжамды құны: 53,6 млрд.теңге

құрылыс мерзімі: 2019-2021 жж;

пайдалану мерзімі: 2022-2039 жж.

Ұзындығы 98 шақырым болатын «Өзбекстан Республикасының шекарасына шығатын (Қонысбаев бекеті) Сарыағаш қ. айналма жолы» автомобиль жолын салу» жобасы бойынша министрлік ҚР ҰЭМ-не экономикалық қорытынды алу үшін жобаның инвестициялық ұсынысын жолдады. 2017 жылы концессиялық ұсынысты және жобаның ТЭН әзірлеу бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда.

Болжамды бағасы: 56,4 млрд.теңге

құрылыс мерзімі: 2020-2023 жж;

пайдалану мерзімі: 2023-2049 жж.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары