$ 448.15  483.46  4.86

Жер байлығы - Ел байлығы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Қызылорда облысының Сырдария мен Жалағаш аудандарында болды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев аптаның дүйсенбісінде Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш аудандарында болды.

Екі ауданда да комитет төрағасы аудан жұртшылығымен кездесті. Кездесуде Б.Нұрабаев еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жалпы табыстарына тоқталып, Елбасымыздың маңызды стратегиялық, батыл мақсаттар қоя білгендігінің арқасында елу озық ел қатарына орныққан толыққанды мемлекет құрғандығымызды атап өтті.

«25 жыл ішінде геологиялық сала нарықтық экономикаға көшіп, жер қойнауын пайдалануда заңнамалық база қалыптасты. Ең үздік әлемдік тәжрибені енгізіп, жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық стандарттарға көшу мақсатымен қазіргі кезеңде Елбасының тапсырмасымен министрлік тарапынан “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” кодекс жобасы әзірленуде»,-деді төраға өз сөзінде.

Бұл сала жұмысының онан әрі жандана беретіндігін көрсетеді. Соңғы бес жылда шамамен 200 жаңа келісім шартқа және қолданыстағы келісім шарттарға жасалған 500-ден астам толықтырулар мен өзгерістерге қол қойылған. Бұл құжаттар негізінде 15 млрд. доллардан астам қаржыны құрайтын  инвестициялар тартылған.

Осы негіздегі хабарламаларын алға тартқан төраға облыстың минералдық-шикізат ресурстарына қатысты да бірқатар мәліметтерді атады.

Қызылорда облысы ванадий қоры бойынша республикада 1-ші орынға, цинк пен қорғасын қорынан 3-ші орынға ие. Соңғы жылдардағы геологиялық барлау нәтижесінде уранның, мұнайдың, газдың жалпы республикалық қорында Қызылорда облысы үлесінің арта түскені байқалған. Мұнымен бірге бұл аймақ үлесі  мұнай мен газдан бөлек, қатты пайдалы қазбалардан да кенде емес. Болашақта ел байлығы алтын мен мыстың қорымен толыға түспек. Осы бағытта әлі де іздеу-барлау жұмыстары жүргізіп келеді.

Еліміздегі әлеуметтік нысандардың көптеп салынуы да осы жер байлығымен бірге келген игілік. “Тәуелсіздік шапағатын әрбір ауыл көруі тиіс” деген еді Елбасымыз. Міне, бүгінде осы сөздің үдесін әрбір ауылдан көруге болады. Жер байлығын игеруге атсалысып келе жатқан инвесторлар ел жағдайына да өз көмектерін көрсетіп отыр. Мәселен, Сырдария ауданы көлемінде жеті мұнай компаниясы орналасқан. Олардың есебінен   аудандағы тұрмысы төмен отбасылардың 37 баласы жоғары мектептерде білім алуда.   

Дегенмен, олардың біразы дағдарыс сылтауымен ақша төлеуге келгенде аса жомарттық таныта да бермейді екен. Бұл жөнінде аудан тұрғыны, ардагер ұстаз Ұ.Жанғалиева комитет төрағасына айта келіп, алдағы уақытта осы мәселені бақылап отыруды өтінді.

Бұл сауалға комитет төрағасы “ Мұнай компаниялары ештеңеге қарамастан жылдық пайдасының бір пайызын осы бағытқа жұмсауы тиіс. Мұны назарға аламыз” – деп жауап берді. Мұнымен бірге кездесуде бірнеше аудан тұрғыны сөз алып, ел жағдайымен етене таныстырып, жылы лебіздерін ала келген меймандарға алғыс білдірді.

Кездесуде Базарбай Нұрабаев барша жұршылықты ел тәуелсіздігің мерейлі мерекесімен құттықтап, әрбір отбасында тек шаттық пен бақыт, береке, бірлік болуын тіледі.

Сапар барысында комитет төрағасы аудандардағы жүзеге асырылған инфрақұрылымдық жобалармен танысты. Жалағаш кентіндегі “Береке” шағын аймағында және аудан орталығындағы жаңа емханада болып, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылық сезімін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары