$ 443.85  474.3  4.8

Талай жанның тірлігін тіктеген тәуелсіздік

Еліміздің тәуелсіздік шежіресін жасау – әрбір перзентке парыз іс. Шымкенттік Айдар Мырзадәулетов телеоператорлық кәсібі арқасында атқан таңнан батқан күнге дейінгі барлық сәтті қаз-қалпында таспаға түсіруге әуес. Жас жігіттің жеке бейнеқорынан ел өміріндегі небір маңызды оқиғаларға қатысты кадрды да табуға болады.

Азамат «Азат Қазақстанның бар жетістігі мен ғажап табиғатын ұдайы таспаға түсіру арқылы өскелең ұрпақ үшін арнайы бейнемұрағат дайындасам, - дейді. Сол арқылы ол ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту жасағысы келеді. Елбасының сындарлы саясатын қолдайды. Сүйген кәсібің ғана алға сүйрейтініне сенеді. Әсемдік пен сұлулықты бағалайтын жігіт табиғат көріністерін түсіруден рахат алады. Әр бейнебаянына қазақтың күмбірлеген күйлерін қолданады. Өйткені, тәтті күй көңілдің құрышын дөп басады деп біледі. Айдардың ендігі мақсаты - Оңтүстік Қазақстанның туристік аймақтарын камераға түсіріп, көрерменге тың туындыларды ұсыну. Әдемі көріністерге саяхатшыларды еліту арқылы ел қоржынын томпайту. Таспагер жігіт тәуелсіз ел перзенттеріне: «Жұмыс жоқ деген – бекершілік. Құлық болса, барлық мамандықты игеріп, иіріп әкетуге болады. Тек өз қолтаңбаңды қалыптастырып, ісіңе көпшілікті таң қалдыра білу қажет», - дейді. Нарықтың бар қағидасын ескере білетін жігіт жұмыстың ұсақ—түйек элементіне жіті мән береді.

АЙДАР МЫРЗАДӘУЛЕТОВ – ӘУЕСҚОЙ ОПЕРАТОР:

- Бір қызық оқиға болған,өзен түсіріп жатқанмын.Оның тереңдігі 5-6 метр.Өзеннің ең астында балықтар жүзіп жүр.Соны қалай түсіремін деп ойладым.Обьективті шамалы суға батырдым.Кадр алып жатқанымда обьективтің ішіне су кіріп кетті.Суға толған обьектив көзі жабылған балық сияқты көрінді.Осындай қызық оқиға болған.Тура бір өнер туындысына ұқсады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары