$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздік жылдары түрленген Түркістан

Рухани астана жыл өткен сайын жаңарып келеді. Қала көшелері абаттандырылып, жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында аялдамалар жаңарып, әлеуметтік маңызды көшелерге аяқжолдар салынуда.

Шаһарға кіре берісінен бастап, әлеуметтік маңызды көшелердің барлығы дерлік абаттандырылған. 2500-ден астам гүл отырғызылып, оның аяқасты болмауын қамтамасыз ету мақсатында арнайы шарбақтар орнатылған. Кенттің ажарын ашқан игілікті іс жергілікті бюджет қаржысына жүргізілуде. Бұдан өзге, Майша Әбенова көшесінің бойына аяқ жолдар салынуда. Бұл әсіресе, жаңа оқу жылында мектепке баратын бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін маңызды. Сондай-ақ, 20-дан астам аялдама бұзылып, қайта жаңаруда. Заманауи әрленген көпшілік орындар да жарық жүйесіне қосылған. Ілкімді іс қала тұрғындарына қуаныш сыйлап отыр.

ЗАФАР АБДУКАРИМОВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен қырық жылдан бері осы шаһарда өмір сүріп келемін. Әрине салыстыруға да келмейді бұрынғы қаламен. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бері ауқымды жөндеу,абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Гүлдене берсін туған өлкеміз.

Тарихи мекеннің өзіндік ерекшелігіне орай, қалаға Отырар ауданынан келетін жолға 5 бірдей түйенің бейнесі орнатылған. Бұл байырғы көшпелі керуенді бейнелейді. Тарихи-этнографиялық мұражай маңына да жайылған жылқылар сән беріп тұр. Рухани Астананың ажарын ашатын әлеуметтік бастамалар легі мұнымен толастамақ емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары