$ 447.4  477.55  4.76

Өзіміздің өнімдер тәуелсіздіктің жемісі

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай Шымкентте «Зор» сауда белгісімен шығарылатын отандық өнімдердің ресми дүкені ашылды. Мұнда кәсіпорынның соңғы жылдардағы жетістігі - тұрмыстық химия сұйықтықтары мен қыз-келіншектердің тән сұлулығына қажет емдік, сәндік парфюм бұйымдары сатылады.

«Рауан» ғылыми өндірістік орталығы - Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасу тарихымен тете жетілген кәсіпорын. Тоқырау жылдары мың құбылған нарықтың бар қиындығына төтеп берді. Алдымен, «нафтизин» тамшысы мен кішкентай бөбектердің шатына арналған ұнтақты шығарды. Сәл кейін, тұрмыстық химия сұйықтықтарын өндірді. Сапалы өнім ешқашан сұраныссыз қалған емес. Қазір кәсіпорын әмбебап өндірушінің нақ өзі. Өнім түрі тұтынушылардың қажеттілігі мен талап-тілегіне орай сан мәрте өзгерді. Бұл қадамға бармас бұрын, ғылыми зерттеуден өтті. Нарықта кездесе қоймайтыны бірінші кезекте ескерілді.

БАҚЫТЖАН БЕЙСЕМБАЕВ – «РАУАН» ҒЫЛЫМИ ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Тұрмыстық химия сұйықтықтарының 27 түрін шығарамыз. Бәрі бар. Барлығының даму ғылыми зерттеу технологияларын жүргіздік. Мұның барлығы премиум сапалы. Енді біз осындай препараттарды топтама ретінде шығарып, өзіміздің аймақтарға таратуды жоспарлап отырмыз. Әр өндіріс орнын қамтамасыз етсек дейміз.

Отандық өнімдерге өндірістік кәсіпорындар мен қонақүй, сервистік қызмет мекемелері қызығады. Ыңғайлы болғандықтан, көтерме бағамен жаппай сатып алатындар да солар. Ал, сұйықтықты бір пайдаланып көріп, көңілі толған жеке тұлғалар енді осы дүкеннен керегін ала алады. Сауда сөрелеріне компанияның соңғы жылдардағы озат жетістігі – космецевтикалық бұйымдар да қойылған. Олар адам бойындағы әдемілікті, шаш, тері және ауыз қуысы гигиенасын сақтауға септеседі. Күннен қорғап, әжім түсуін тежейді. Отандық клиникалар үшін таптырмас өнім ретінде мойындалып отыр. Бұл өнімдер Франция, Америка парфюмдерінен еш кем түспейді. Өндіріс орнында 34 адам жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің басым бөлігі -ғалымдар мен білікті мамандар. Кәсіпорын өндіретін өнімдер еліміздің түкпір-түкпіріне тарайды. Шығарушы тарапқа шағым түспеген. Ол - сапасы мықты, өзіміздің өнім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары