$ 444.22  476.38  4.82

«25 жұлдызды күн» акциясы Созақта жалғасты

Оңтүстікте бастау алған «25 жұлдызды күн» акциясына Созақ ауданының халқы да айрықша қолдау көрсетіп отыр. Шара аясында олар сенбілік ұйымдастырды. 108 шырша көшетін отырғызып, табиғатқа қамқорлық танытты.

Созақ жалпы орта мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналары көшеттерді егіп қана қоймай, оны күтіп-баптауды балаларына үйретті. Жас желектің тамырын тереңге тартып, жайқалып өсуіне бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналары мүдделі болды. Белсенді топ бірауыздан «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілді қолдап-қуаттап отыр. Шараға қатысушылар жас-кәріге бөлінбей, тазалық шарасына бір кісідей жұмылғаны көңіл қуантады. «Осындай игілікті іс жасап, өз қолымен шырша көшеттерін отырғызып, артында із қалдыру - кім-кімге де абыройлы іс. Ағашты жердің ырысы мол, бауырмалдың тынысы мол» дейші еді дана қазақ. Ауылды көркейту көгалдандырудан басталса, баланың тәрбиесі бауырмалдығынан бастау алады. Ал, тәуелсіз елдің ұрпақтары тағы бір 25 жылда бұл күннен де озық, Елбасы стратегиясында нықтана Ұлт жоспарының жүзеге асқанына куә болады деп сенем», - дейді ата-аналар атынан Қайрат Бұзауов. Өз кезегінде Созақ аудандық жалпы орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Қалдыгүл Шөкенова бастамаға себепкер болған ата-аналарға алғысын білдіріп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Алдағы уақытта да оңды іс жалғасытынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары