$ 443.37  474.49  4.83

Созақта аспаздар сайысы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында «Аспаздар шеберлігі – сүйікті ауылымызда» атты байқау өтті. Түрлі ұлт пен ұлыстың тағамдарын дайындалып, тұрғындарға ұсынылды.

3 кезеңнен тұратын байқауда 7 үміткер бақ сынады. Олардың арасында балабақша, мектеп пен кәсіптік колледж ұжымдарының аспаздары бар. Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат – оқушылардың, соның ішінде қыздардың келешекте жақсы мамандық таңдауына жол көрсету.

- Біз осы байқау арқылы аспаздарға деген сұраныстың аса жоғары екендігін байқатып отырмыз. Бұл - үлкен шеберлікті әрі білімді қажет ететін мамандық. Қазір мейрамханаларда еңбек ететін аспаздардың жалақысы да жоғары. Сондықтан келешекте осы мамандықты таңдағысы келетін оқушыларға кеңес бердік. Қазақ «қызға қырық үйден тыиым» деген. Келешегіміз білімді ұрпақ қолында. Сондықтан, тәрбиені рухани жігерлендіру арқылы өткізілетін байқаулармен сіңіріп отыруымыз қажет. Тәуелсіздік – бағымыз. Оны ұшырып алмау енді біздің қолымызда,-дейді Созақ ауданы мәдениет үйінің директоры Т.Алтыбаев.

Бағалау барысында тағамның сапасымен қатар, оны ұсыну және безендіру ерекшелігіне мән берілді. Денсаулыққа пайдалы тұстары таразыланды. Жүлделі орындарға ие болған аспаздарға байқау демеушісі тарапынан сый-сияпат жасалып, аудан әкімдігінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Дастарханның дәмі мен әңгіменің мәні үйлескен бұл сайыс түрлі ұлт өкілдері арасында өзара достық пен ынтымақтастықты нығайтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары