Егеменді ел болғаннан Елбасының басты мақсаты нарықтық экономиканы жетілдіру болатын. Бүгінде сол арман орындалды. Тәуелсіздік жылдары ішінде қалада ғана емес, ауыл аймақтарда да кәсіпкерліктің тынысы кеңейді. Осы жетістіктерді саралаған шағын орта бизнес өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысынң Бәйдібек ауданында бас қосты.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер орталығы филиалы ұйымдастырған жиында келелі мәселелер де сөз болды. Қазіргі таңда қасиетті баба есімін алған ауданда 3729 бизнес нысаны бар болса, оның 2399-ы шаруалық иелері болып табылады. Нақты ісін өрбіткендер бір жарым мыңға жуықтайды. Мемлекет тарапынан қолдау көп. Субсиядия бірінші кезекте шешімін тапқан мәселе. Алайда, алаңдатқан проблемалар да жоқ емес. Небәрі 25 жылда ел экономикасы еселесе, тағы бес жылда бұл көрсеткіш арта түсетіні анық,-деді кәсіпкерлер палатасы Бәйдібек аудандық филиалының директоры Сылқынбек Спабеков. Биылдың өзінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 152 кәсіпкерге бизнесті дамыту жөнінде кеңестер берілсе, қаржы институттарынан 78 жоба арнайы несиемен қамтамасыз етілген. Ал, бұл алдағы уақытта халық әлеуетінің артуына үлкен сеп. Мақтанарлығы, ауданда шағын және орта бизнес ілгері басқан. Шығарған өнім мен көрсетілген қызмет түрлерінің көлемі 2 млрд. теңгеге жеткен. Әрбір кәсіпкер есебінен жыл сайын бюджетке 74,2 млн. теңге салық түсіп отырады.