$ 498.55  524.28  4.75

Оңтүстікте жаңа мектеп ашылды

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ОҚО, Арыс қаласында жаңа мектептің тұсауы кесілді.

Білім ұясының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, ОҚО мәслихатының депутаты Қ.Әбдіхалық, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауыл округ әкімдері қатысты.

«Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанды бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойғаны белгілі. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатта маңызды рөл атқарады. Адам мен адам тең. Тек олардың айырмашылығы білімінде деп, Мұхтар Әуезов айтқандай, алпауыт елдермен біздің тереземізді теңестіретін - білім», - деді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек.

Осы кезге дейінгі Арыс қаласының жетістігін сөз еткен шахар басшысы жиылған жұртты қос бірдей мерекемен құттықтап өтті. Ал, жергілікті тұрғындар қуаныш сыйлаған ел азаматтарына алғысын жаудырып, ақжарма тілектерін жолдады.

Монтайтас ауылдық округінен ашылған Қабылсай атындағы жалпы орта мектебі 150 орынға лайықталған. Заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған білім ошағында компьютер, физика-химия сыныптары мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттері бар. Шара соңында ауыл өнерпаздары концерттік кеш өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары