Нұрлы жол 02.12.2016 сағат 05:48

Отырарда «Толағай» отбасылық сайысы өтті

ОҚО-дағы ұлылар мекені саналатын Отырар ауданының Темірлер мекенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Толағай» отбасылық байқауы өтті. Түрлі сынақтардан сүрінбей өткен төрт жанұя ақтық сында кездесті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекет отбасыдан басталады. Шаңырақтың шаттыққа толуы татулық пен ауызбіршілікте. Салиқалы да саналы бала ең алдымен толық отбасында тәрбиеленеді. Сонан соң қоғамның ықпалы болады. Елбасы айтқандай, меслекеттің басты байлығы – дені сау ұрпақ. Мерекеге орай, Оңтүстіктің түкпір түкпірінде қолға алынған шара салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, берік іргетасты қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

«Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық – басты байлық», «Спорт – денсаулық кепілі» деген сөздердің мәні тереңде жатыр. Осындай ұлы құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараның маңызы зор. Әсіресе, жастарға берер үлгісі мол»-деді ауылдың сыйлы азаматы Р.Салхутдинұлы.

Жалпы, сайыстың да нақты көздегені сол – баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған міндеттерді орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Байқауға қатысқан барлық отбасы да допты ала жүріп, серіппеден секірді. Өзге де спорттық ойындарының 8 түрінен бақ сынасқан жанұялардың шініде «Ертөстік» командасы жеңіске жетті. Ойынға қатысқан барлық топ арнайы грамоталармен марапатталды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар