$ 441.44  473.09  4.75

ОҚО: «25 жылдағы жетістік – дұрыс жасалған таңдаудың жемісі»

ОҚО Шардара ауданы Ұзыната ауылында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған кеш өтті. Жеткен жетістіктер дәріптеліп, ел дамуына өзіндік үлес қосып жүрген белсенді азаматтар марапатталды.

Қазақстанның өз алдына отау тігіп, шаңырақ көтергеніне биыл 25 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт болса да, ел үшін ұтымды қадамдар жасаудың бастамасы. Экономикалық салаларда ғана емес, саяси-қоғамдық өмірде түбегейлі реформалар жүзеге асуда. Бүгінгі демократиялық үдерістер соның айғағы. Шардара ауданының өзінде ісін өрге домалатып, кәсібінің нәсібін көріп жүргендер көп.

«Биылдың өзінде 160 мың тоннаға дейін бақша өнімдері алынды. Бұл шаруалардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосты. Сонымен қатар ауданымызда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып жатыр. Инвестициялар көптеп тартылуда. Қазіргі таңда «Ақ жол» ЖШС қамыстан гофракартон шығаруды қолға алса, «Сейхун» ЖШС қамыстан паркет, құрылыс өнімдерін шығарып, ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында еңбек етуде», - дейді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай.

Қазақстан еңселі ел. 2030-жылға арналған стратегиялық жоспар құр қиял емес, шынайы өмірмен, шындықпен өрілген басты бағдарлама болды. Мерзімінен бұрын орындалып, сәтті жүзеге асты. Ендіге меже – 2050 жылға арналған іс-жоспарды табандылықпен орындау. Бұқара бұған бұрынғыдай күдікпен емес, айшықты арманмен қарайды, келешектің кемелді болуына сенеді. Бүгінгі жеткен жетістікті де кешегі дұрыс қадам жасаудың жемісі деп, біледі шардаралықтар.

Мұқан МҰСАЕВ, Ұзыната ауылдық округінің әкімі:

- Кәсіпкерлік жылдан жылға дамып келеді. Ұзын ата елді мекенінде бар-жоғы 5-6 кәсіпкер болса, қазір олар жиырмадан асты. Жылына 6-7 кәсіпкерлік нысандары ашылып жатыр. Соның арқасында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып отыр. «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы былтырғы жылға 21 млн алдық, биыл да сол 22 млн қаржат шаруаларға берілді. Мал басын көбейтуге берілетін несиелер бар. Өткенгі жыл 12 млн теңге алынған, биыл 13 млн теңге көлемінде алдық.

Осылайша елдің қамы үшін жұмыс істеп, дамудың даңғыл жолында өз ісін қалдыруға ұмтылған ауылдың белсенді азаматтары аудан әкімі тарапынан қошеметке бөленді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары