$ 498.55  524.28  4.75

Роза Төлемісова: «Елбасы бала кезден ерекше тұлға»

«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы». Осындай атаумен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай Н.Назарбаевтың өмір жолына арналған әдеби кеш өтті. Оған Алматы қаласынан арнайы шақыртылған қонақ, Елбасының сыныптасы Роза Төлемісова қатысты.

Бала Нұрсұлтан, дара Нұрсұлтан, дана Нұрсұлтан... Жиында елін тоқырау кезеңнен сарабдал саясатымен алып шыққан Мемлекет басшысының өткен ғұмыры, көпке үлгі ісі айтылды. Роза Төлемісованың сөзінше, Президент өзгелерден озық, кез-келген істе кқреген, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары азамат болған. Сол зеректігі оны көбінде жеңіске жетелеп отырған. «Қазақстанның небәрі 25 жылда аяғынан қаз тұрып, алпауыт елдермен терезесін теңестіруі ой жүйрік, алға қойған жоспары нық Елбасының арқасы», -дейді сыныптасы. Өз кезегінде аудан әкімі де елбасының мақталы алқапқа сіңірген еңбегін, жұртқа жасаған жақсылығын тізбектеп шықты.

Ғалым ИСМАИЛОВ, Мақтарал ауданының әкімі:

-  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, Президенттің кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері сол қиындықтарды жеңіп, еліміздің экономикасы қарқынды мемлекеттер қатарынан көрінуде. Қазақстанның қол жеткізген табыстарын отандастарымыз да, шетелдік танымал тұлғалар да, әлемдік қоғамдастықтар да Елбасымыз Н.Назарбаевпен байланыстырады. Өйткені, ол тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады. Бізді әлемге танытты, ал әлем оны ірі саяси тұлға ретінде таныды...

Мерекелік кеште аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбековтың Елбасыға арнауы көпшіліктің жүрегінен жол тапты. Құйқа шашыңды шымырлатар патриоттық әндер шырқалып, ұлттық билер нақышқа келтіріле орындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары