$ 498.55  524.28  4.75

ОҚО: «Қазығұрт – даму жолында»

Тәуелсіздік алған 25 жыл – аудан және қала басшылары үшін де есепті кезең. Әсіресе, әкімдерге сын сағаты таяды. Ширек ғасырда бар-жоқты түгендегендер тізімінде Қазығұрт ауданы да бар.

Елдің өскенін әуелі онда қоныстанған халық санынан білесің. Бұл тұрғыда Нұх пайғамбар өмір жолын ашып кеткен ауданда демографиялық өсім байқалады. Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда адам саны 110 мыңға жетіп отыр. Ал, бюджет көлемі азаттықтың ақ таңы атқан күннен 115 есеге көп. Жетекші салалар жетістікке толы. Аудан әкімі Төлеген Телғараев ауылшаруашылығы бойынша алдыңғы шепте тұрғанын айтады.

- Егістік көлемі ұлғайды. Биыл мол өнім жинадық. Табысымыз 74.2 млрд теңгеге жетті. Қазығұрттағы 64 елдімекеннің 42-сіне ауыз су құбыры тартылды, көгілдір отынмен қамту ісі 65.6 пайызды құрады. Жолдар жөнделді. Көпірлер салынды. Дақылдың орташа түсімі жылдағыдан 20% жоғарылады. ҮИИД бағдарламасының шарапаты аймақта анық сезіледі. 7 жоба мақұлданып, төртеуі іске асты. «Лотус фуд компании ЛЛС» - тез әзірленетін тағамдар зауыты соның айғағы. Биылғы жылы 722.7 млн теңгелік 2 жоба индустрияландыру картасына енгізілді. Ауданда шығарылған өнім және көрсетілген қызмет пен жұмыс көлемдері 1991-жылмен салыстырғанда, 51 есеге артқан. Тамшылатып суару технологиясын енгізудің жалпы көлемі 2384 га жетті. Сол сияқты егіс көлемі де еселенді. Бұл Елбасының халыққа жағдай жасау қажет деген міндеттемесінен кейін нықтап орындалған жоспарлар. Ауыз толтырып айтар жаңалықтар көп болғанмен, тоқмейілсуге болмайды, -дейді  аудан әкімі Т.Телғараев.

Көпшіліктің сұранысындағы таза ауыз су сапасын жақсартып, халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткішін 80 пайызға жеткізу ендігі кезекте шешімін күткен басты мәселе болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары