$ 443.85  474.3  4.8

Тіл мерейі – ел мерейі

Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер сарайында «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мерекелік кеш өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға Мақтарал ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мұрындық болды.

Оған аудан әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Қазақстан халық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, «ОҚО Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байғонов қатысты. Мақтарал ауданының әкімі өз кезегінде ұлттар достығының берік болуына, әрбір шаңырақта тыныштық орнауына тілек білдіріп, айтулы мерекемен жұртшылықты құттықтады. ОҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов: «Бүгінде облыстағы 1022 мектептің 743-інде білім мемлекеттік тілде, 279-ында ұлттық тілдерде білім беріледі. Атап айтқанда, орыс тілінде 9, өзбек тілінде 15, тәжік тілінде 4 мектеп оқытылса, 251 мектепте білім аралас тілдерде (қазақ, өзбек, орыс, тәжік) беріледі. Қазір түстіктегі 20 этномәдени бірлестіктің 11-інде жексенбілік мектеп бар. Этностардың тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналған. Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының мәңгілік тіліне, тәуелсіздігіміздің қуатты құралына, елдігіміз бен бірлігіміңзді туына, бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс. Бүгінгі шараның мақсаты да – егемен елдің ұландарын отансүйгіштікке баулу, мемлекеттік тілдің біріктіруші тіл екенін кеңінен насихаттау» - дейді. Кеш соңы көңілді серпілтер әуезді әндермен жалғанып, өлең-жырлар оқылды. Ауданда түрлі мәдениеттердің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген белсенділер алғыс хаттармен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары