$ 442.05  474.14  4.74

Ардагерлер Астанаға жол тартпақ

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай Түлкібас ауданындағы мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасыдан шыққан 25 жас Оңтүстіктің көрікті жерлеріне саяхат жасады. «Азаматтық қоғам» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған экскурсия Шымкентте аяқталды.

Жастарды аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева сәт-сапар тілеп шығарып салды. Түлкібас аудандық мәслихатының депутаты Е.Оспановтың көрсеткен қамқорлығы арқасында оқушылар сансыз баптар мекені Сайрамды аралап, Шым шаһардың көз тартар шырайлы жерлерін тамашалады. Мұндай саяхатты енді ауыл ақсақалдары жалғастырмақ. Алайда, бір топ ардагерлер Шымкентке емес, ел ордасы Астанаға сапар шегеді.

«Қазір астанаға баратын азаматтарымыздың тізімі жасалып жатыр. Жолсапардың дайындығы пысықталуда», - деді Майлыкент ауыл округінің әкімі Келесбек Жартыбаев.

Мереке қарсаңында халықпен кездескен ол алдағы уақытта бірқатар проблемалардың шешілетінін айтып, елді бір қуантып тастады.

Келесбек ЖАРТЫБАЕВ, Майлыкент ауыл округінің әкімі:

Бірінші кезекте саябақтар қалыпқа келтіріледі. Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылының арықтары, Арыс өзенінің бойы жөнделіп, реттеледі. Салынатын нысандар да бар. Соның ішінде ардагерлер бос уақытында бас қосып отыратын арнайы орындар ашылатын болады. Қоғам белсенділерімен бірлесе қимылдап, ынтымақта жұмыс істесек, нәтиже бүгінгімізден де зорая түспек. Тәуелсіздіктің берік ету – оны ұрпаққа дұрыстап ұғындыру – көшбастаған зиялы қауымның, аға буынның қолында. Сондықтан бірігіп атқарған әр ісіміз жемісін береді деп үміттенемін. Егеменді еліміздің торқалы тойы құтты болсын!

Бейбіт күнде елді ауызбіршілікке жетелейтін қарияларды мерекеде ғана емес, күнде, әр сәтте құрметтеп отырғанымыз ләзім. Тәуелсіздік қарсаңындағы барлық қошеметтің әуелі ардагерлерге жасалынуы құптарлық іс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары