$ 498.34  519.72  4.85

Ерікті жастар шырша екті

Егемендігіміздің елеулі тұсында Оңтүстік Қазақстан облысының жастары өңірдің өңін беріп, ажарын ашатын абаттандыру жұмыстарымен айналысып жатыр. Әр аптада сенбілікке шығатын еріктілердің қатарында Отырар ауданының белсенділері де бар.

Туған жердің тазалығын сақтап, экологиялық жағдайын жақсарту, қоршағаны ортаны қорғап, қамқор болу – азаматтықтың белгісі. Бұл бағытта бастамашы болған түстік жастарының ішіндегі отырарлықтардың орны бөлек. Бір топ ерікті сенбілік жұмыстарына білек сыбана кіріседі. Игі іске ауыл ақсақалдары дән риза.

Серік РАХМАНБЕРДИЕВ, Отырар ауданының тұрғыны:

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында өз еркімен тазалық жұмыстарын ұйымдастырып отырған белсенді жастарға айтар алғысымыз шексіз. Әр азамат кіндік қаны тамған немесе тұрып жатқан мекеніне осындай жанашырлықпен қараса, көшеде артық қоқыс, сынған ағаштар жатпас еді.

Жымдаса істеген істің игілігі мол. Сенбілік барысында арықтар тазартылып, саябақтардың сәні кірді. Гүлзар бақтағы жасыл көшеттерге су құйылып, арша, шырша көшеттері отырғызылды. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов тазалық жұмыстарының 13 ауыл округте жүргізілгенін айтады. Аудан тазалығы – ортақ мәртебе. Ендігі кезек – егілген талдарды одан әрі күтіп баптау. Ауыл аймақтарды көріктендіру мұнымен тоқтамайды. Алда атқарылатын қыруар шаруа бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары