$ 439.43  473.31  4.82

3 тәулікте Тәуелсіздік шыңын бағындырды

Ерекше фестиваль – ерекше қонақтар. Халықаралық сипат алған шараға 27 альпинист қатысты. Олар небәрі үш күнде 4100 метрлік шыңды бағындырды. ОҚО әкімдігі ұйымдастырған бұл бастама Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды.

Бұл күні ауа райы күрт өзгерді. Алайда, спортшылар алған беттен таймай, «Тәуелсіздік шыңына» шығып, көк туды желбіретті. Фестивалдің басты мақсаты да осы болатын. Егемендіктің ширек ғасырлық мерекесінде салауатты өмір салтын ұстанған азаматтар барды бағалай білуге, табиғатты бүлдірмей, аялауға шақырды.

Сонымен қатар, олар бұл бастаманың дәстүрге айналып, жыл сайын жалғасатынына және де биік шыңға шығатын үміткерлердің қатары артатынына сенім білдірді. Айтып өтейік, осыдан бірнеше күн бұрын оңтүстікқазақстандық бір топ жастар Өгем тау жотасына барған. Сонда шығыс жағында орналасқан 2200 метр биіктіктегі «Тәуелсіздік» шыңын бағындырып, рекорд жаңартқан. Қайтар жолда суретшілердің сайысына қатысып, егемендіктің еркін әлемін сезіне білген.

Ал, осы жолғы көрсеткіш кәсіби альпенистердің шыңы. Жалпы, күнгейде соңғы жылдары денсаулықтың қадірін білген жандардың қатары артып отыр. Тәуелсіздіктің торқалы тойын тарихта қалдыруға талпынған әр аймақ арнайы шаралар күнтізбесін жасап, спорттық сайыстарды да мейлінше арттырып отыр. Соның бірі Отырар ауданында өтті. «Дені сау ұлт – Тәуелсіздік тірегі» деп ұрандатқан Ұлы дала балалары бұқаралық жүгіру ұйымдастырды. Оған тұрғындардың 100-ден астамы қатысты.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары