$ 498.34  519.72  4.85

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түркістанға келіп жетті

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесіне орай жолға шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түркістан станциясына тоқтады. Әр саланың біліктілері бастап келген делегацияны рухани шаһар жұрты зор қошеметпен қарсы алды.

Ер түріктің бесігі, екі дүние есігі саналған Түркістанға әр саланың маманы келді. 270 адамның ішінде ұстаз да, дәрігер де, құқыққорғау саласының қызметкері де бар. Ыстық ықыласпен қарсы алған түркістандықтарға делегация құрамы өз ризашылықтарын білдірді. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жетекшісі Әлімжан Әлпейісов: «Рухани шаһар - мұқым қазақ елінің мақтанышы»,- деді. Сөз кезегінде Түркістан қаласының әкімі де келген қонақтарға алғысын жеткізіп, игі бастама ел түйіткілін шешуге бірден бір көмек екенін айтты.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі:

Елбасының халыққа жасаған мүмкіндіктерінің кеңейгенін көрсетеді бұл сапар. Себебі, әлеуметтің әлі де болса шешілмей жатқан күрделі мәселелері бар. Кәсіби дәрігерлердің шахарымызға келіп, тұрғындарға кеңес беруінің өзі үлкен көмек болады. Баршаңызға сәттілік, бақ-береке тілеймін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Дәрігерлер қабылдауына кіргендердің көбі ұзақ жыл дертіне дауа іздегендер болды. Емін нақты ала алмаса да қайда барып, не істеу қажеттігінен хабарланды. Астана мен Алматыдан келген мамандар уақыт тығыздығына қарамастан, 1500-дей азаматты қабылдап, әрқайсысының мәселесіне жеке дара үңілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары