$ 498.34  519.72  4.85

Өнер фестивалі Тәуелсіздік мерекесіне арналды!

Шымкент қаласында бастау алған Облыстық өнер фестивалінің үздіктері анықталды. Дүбірлі шара желісін үзбей дәстүрлі түрде өтіп келеді. Бұл жолғы бәсекеге қатысуға 150-ге жуық өнерлі жас ниет білдірген. Олар би, дәстүрлі ән, терме жанры бойынша бақ сынады.

Дәстүрлі шараға тамызық болған тақырып - ел дербестігінің 25 жылдығы. Өнер бәсекесіне облыстың барлық аудан-қаласынан 150-ге жуық танатты жас жиналған. Олар оңтүстіктің 100 термесі, 100 әнін шырқап, көп көңілін көтерді. Ал, би жанры бойынша 48 жеке және топтық ұжымдар өнер көрсетті. Ұлттық дәстүрлі дәріптеп, жастарды өнерге баулу - байқаудың басты мақсаты. Ал, шарада көптен ерек шығып, талантымен тәнті еткендер алдағы уақытта республикалық сайыстарда өңір абыройын қорғайтын болады.Өнер бәсекесінің нәтижесі бойынша бас жүлде Оразәлі Жаңабаевқа бұйырды. Ал, жүлделі бірінші орын тұғырынан Рустам Ақынбеков көрінді. Қос өнерпаз да облыстық филармонияда қызмет етеді.

ЕРАРЫС ЕРСҰЛТАНОВ - САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Қазақтың ұлттық өнері егемендік еңсе тіктегенде ғана жандана бастады. Бүгінгі өтіп жатқан шара осының айғағы. Біз келер ұрпаққа бұл мұраны аманат етіп жеикізуіміз керек. Тәуелсіздікті қадірлей білейік дегім келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары