$ 443.85  474.3  4.8

Аймақтық демократиялық күштер коалициясы үндеу қабылдады

«Ел дамуының бүгінгі жетістігі демократиялақ күштер коалициясының ынтымағы арқасында». Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкент қаласында бас қосқан «Нұротандықтар» мен «Ақжол» демократиялық партиясы, «Ауыл»  социал-демократиялық партиясының өкілдері осындай ой айтты.

Таяуда ғана еліміздің Парламенті «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын» қабылдады. Осы құжаттың қабылдануы ел тарихындағы маңызды оқиға. Біздің Елбасымыз біреу, еліміз бір, халқымыз бір, тағдырымыз бір. Біз үшін ортақ тағдыр – Мәңгілік ел – Тәуелсіз Қазақстанымыз, - дейді Аймақтық демократиялық күштер коалициясының мүшелері.

Саяси партиялардың өкілдері Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясына осылайша қолдау білдірді. Ширек ғасырда жеткен жетістіктеріміз туралы ой толғады. Соңында коалиция мүшелері үндеу қабылдады. Мемлекет басшысы әрбір жолдауында ел бірлігі мен ынтымағын алға тартады. Болашақтың күші бірлікте екенін ескерсек, егемен елдің бүгінгі жетіп отырған жетістігінің барлығы дерлік тап осы бірліктің арқасында. Тәуелсіздіктің 25 жылдық декларациясында осындай өзекті мәселелерге екпін берілді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан сан мыңдаған ұлт пен ұлыс өкілдері бейбітшілдік салтанат құрған Қазақ елінде өмір сүріп жатқандарына қуанышты. Олар болашақтарын біздің елмен байланыстырады. Бір мақсат, бір мүдде мен бір болашақ тағлымы осында болса керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары