$ 449.58  486.94  4.86

«Лайықты ұрпақ тәрбиелейік!»

Шымкент қаласындағы №43 жалпа орта мектебінде «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік!» атты іс-шара болып өтті. Аталмыш жиын ОҚО прокуратурасы және ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды.

Белгіленген жоспар аясында қаламыздағы №43 жалпы орта мектептің акт залында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, темекі шегу, нашақорлық пен алкогольизмнің алдын алу мақсатында  облыстық наркалогиялық диспансердің дәрігерлері, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және де учаскелік инспекторлардың қатысуымен кездесу болып өтті.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша учакелік инспектор кәзіргі таңда жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстар мен олардың арасында кездесіп отырған  келеңсіз жағдайларға тоқталып өтті. Облыстық наркодиспансердің нарколог дәрігері зиянды заттардың адам өміріне қауіптілігі жөнінде ақыл кеңестерімен бөлісіп өз ойын ортаға салды. Ұсақ құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдерді уақытылы тоқтатсақ, келешекте оның ауыр қылмыстар жасайтын қылмыскер болуының алдын аламыз.

МҮСІЛІМ ЖОЛАНҚҰЛОВ – ОҚО ФУТБОЛДАН ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІН ДАЙЫНДАЙТЫН БАЛАЛАРМЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі жастар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі жағдаяттардың алдын алу мақсатында мұндай шаралардың берері мол. Бұл жолы біз, қажетті ақпараттармен бөлісіп қана қоймай, Тәуелсіздік ұғымын қастерлей білуге шақырып отырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары