$ 441.66  475.14  4.86

Түлкібаста 3 нысан ел игіліне берілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданында 3 нысан пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттардың ашылу салтанатына аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбеков қатысып, барша тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтады.

Түлкібас – тұлпарлар туған, сұңқарлар қонған жер. Табиғаты да тұмса, тамаша. Тұрар Рысқұлов ауылдық округіндегі Азаттық ауылында 300 орындық  мәдениет  үйі ел  игілігіне  берілді. «Жұмыспен қамту - 2020»  бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен мәдениет ошағы үшін 75 млн. теңге қаржы жұмсалған. Бұл елдімекенде 4 мыңнан астам халық тұрады.

Дәл бүгін Тұрар Рысқұлов ауылдық округінде  күрделі жөндеуден  өткен  әкімдік ғимараты да пайдалануға берілді. Оған жергілікті бюджеттің  84  млн. теңге қаржысы жұмсалған.

Бұдан бөлек, «Жаркент» шағын ауданында жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды. 669 млн. теңгеге салынған білім ошағы 600 оқушыға арналған. 3 қабатты нысанда ұлы дала ұландары үшін бар жағдай жасалған.   Жергілікті тұрғындар осынау жаңалыққа дән риза.

Соңғы 25 жылда бір ғана Түлкібас ауданында 157 әлеуметтік нысан ашылған. Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай 20 нысанның құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл да азаттықтың арқасы, тәуелсіздіктің жемісі.

ЕРГЕБЕК АРЫСБАЕВ – «АЗАТТЫҚ» МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-Бұл мәдениет үйі 1975 жылы салынған еді. Содан бері 40 жыл болды, ешқандай жөндеу көрмеген. Биыл пайдалануға беріліп отыр. Елбасымызға, облыс әкіміне алғысымызды айтамыз. Өте ризамыз....

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары