$ 498.34  519.72  4.85

Мақтарал мен Шардара арасындағы жол 2017 жылы қолданысқа беріледі

Мақтарал мен Шардара ауданын жалғап жатқан жол 2017 жылы  пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс жұмыстарының 85 пайызы  аяқталды. Бұл туралы   құрылыс алаңына барып, жергілікті тұрғындармен кездескен Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев мәлімдеді.

Қос ауданның арасын жалғауы тиіс су  бөгетінің  ұзындығы – 37   шақырым.  Құрылыс жұмыстарына 1500-ге жуық жергілікті тұрғын тартылған. Тәулік бойы 700 арнайы  техника  жұмыс  істеуде.  Жолдың  жалпы  құны – 16  млрд теңге.  Мердігер мекеме бүйрегі бұрып, тек отандық өнімді жаратқан. Соның есебінен 3 млрд. теңге үнемдепті.

Бұған дейін Мақтарал ауданындағы ағайын Шардараға Сарыағаш ауданы арқылы қатынайтын. ҚР АШМ Су комитетінің тапсырысымен салынып жатқан жол құрылысы бітсе, қос ауданның  арасы жақындайды. 2013 жылы басталған іс 2017 жылы маусым-шілде айларында бітеді дейді мамандар.

НҰРЛАН ЕШІМХАНОВ – «АҚЖОЛ - 2008  ЛТД»   ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ

- 37 шақырым жолдың 32 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. 15 пайыз жұмыс қалды.

Сырдария – Орта Азиядағы ең ірі өзендердің бірі. Ферғана даласынан Арал теңізіне дейін ағып өтеді. 1960 жылы өзен бойынан, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы тұсында Шардара су қоймасы салынған. Стратегиялық маңызы зор жоба келешекте еліміздің су ресурсына деген қажеттілігін де жөнге келтіретін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары