$ 498.34  519.72  4.85

«Үздік жастар премиясы» табыс етілді

Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуде жастардың да сіңірген еңбегі бар. Азаттықтың  ширек  ғасырлық  мерекесі  қарсаңында  Шымкент қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістікке жеткен жастар Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жастар премиясымен» марапатталды.

Озаттарға «Үздік жастар премиясын» беру дәстүрге айналған. Биылғы шара  осымен  6-шы  рет  өтіп жатыр. Марапатқа 25 аталым бойынша қатарынан  оза шапқандар ұсынылды. Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзалбек Үбелтаевтың айтуынша, шараға 14 пен 29 жас аралығындағы өз саласының үздіктері таңдалып алынған.

Бұл күні қоғамдық өмір, білім мен ғылым саласы, мәдениет және спорт, халыққа қызмет көрсету, құқық қорғау саласының жас мамандары лайықты құрметке ие болды. Осы тұста «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы ұжымының да мерейі үстем болды. Ақпараттық қамтамасыз ету саласы бойынша жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының редакторы Ақмарал Көпжасарова «Үздік жас қаламгер»  аталымына  лайық  деп танылды.

Жалпы шараға жиылған жастардың дені Қазақ тәуелсіздігімен тел жетілген жігерлі де жалынды азаматтар. Олар ел дамуына өзіндік септігін тигізіп, лайықты бағасын алып жатқандарына дән риза.   Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хатқа ие болды. Салтанатты рәсім соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары