$ 498.51  522.84  4.81

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы көрме өтті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Шымкентте өткен халықаралық конференцияда еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына ғалымдардың қосқан үлесі мен археологтардың ашқан жаңалықтары айтылды. Арнайы көрме де ұйымдастырылды. Онда ұстаздардың шәкірттермен бірігіп жасаған баламалы қуат көзін өндіру қалдықтан шикізат алу сынды жобалары таныстырылды.

Іргелі оқу орнының ғалымдары жасаған 50 жоба кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапқан. Қазір соның бірнешеуі өндірісте қолданылып, медициналық дәке, белсендірілген көмір мен май шығарылып жатыр. Оған қоса оқу орнының жанынан технопарк пен антропологиялық зертхана ашылған. Бұл құм басқан тарихи орындардан аршып алынған көне жәдігерлердің қай заманға тиесілі екенін анықтауға мүмкіндік береді. Ал Шымкент іргесіндегі көне қалашықтан табылған алтын бұйым сол кезде мекендеген тайпалардың сонау Үнді мұхитына дейін жаугершілікпен барғанын не сауда-саттықпен айналысқанын көрсетеді,- дейді археологтар.

Бауыржан Байтанаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры

- Ең негізгі жетістіктеріміз ол – біз өзіміздің көне қалаларымыздың қай жерде тұрғанын білдік. Егер Кеңес кезінде бір ғана алтын адамымыз болатын болса, қазір 5 алтын адам табылды. Ол біздің сол балаларымыз Сақ тайпалары, олардың мекенжайы, қалалары, әдет-ғұрпын ғылыми зерттеу жұмыстарының аясында жүргізілген көптеген нәтижеге жетті.

Марат Сатаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры

- Ғылыми зерттеу жұмыстарын коммерцизациялау өндіріске енгізу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Қазығұрт индустриалды аймағында біздің арнайы газобетон блоктарын шығару жобамыз іске асырылуда. Тағы да арнайы индустриалды аймаққа энергосақтағыш диодтар іске қосылуда. Осының бәрі – ғалымдардың көп жылдан бері жасап жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары