$ 498.51  522.84  4.81

ОҚО-да жаңа балабақша ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жүзеге асып жатқан «Ұлы даланың  25 жұлдызды күні» акциясы аясында Арыс ауданында «Бибі Ажар» бала-бақшасы ел игілігіне пайдалануға берілді. Тәуелсіздіктің  мерейлі мерекесіне тарту ретінде ашылған балабақшаның салтанатты ашылу жиынына аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қатысып, тұрғындарды шын жүректен құттықтады.

Құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген ұлы жазушы Мұқтар Әуезовтың сөзін алға тарта отырып, жиналған  жұртшылықты отанын сүюге, ата-ананы қастерлеуге, өз елін сүюге балғындарды жастайынан үйрету керектігін айтты. Бүлдіршіндер тәрбиесіне дұры көңіл бөлінетін болса, болашақта білім мен тәрбие егіз боп, туған жер топырағын түлететін, елдің ертеңі үшін қам жейтін азаматтардың өсіп шығатынына бек сенім білдірді.

Айта кету керек, бүгінде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бір ғана ауданда 20 мемлекеттік,  5 жеке меншік бала-бақша жұмыс істейді. Сол тізімді жаңа бала бақша тағы да толықтырды. Нысанның лентасын ауыл ақсақалдары мен ауданның атқамінер азаматтары бірлесіп кесті. Мемлекеттің тікелей қолдауымен  салынған жаңа бала-бақшада 2 топта 50  бүлдіршін тәрбиеленетін болады. Тәуелсіздік жемісі – бүгінгі жүйелі жүзеге асып жатқан шарапаты мол бағдарламалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары