$ 498.51  522.84  4.81

Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ!

ОҚО Шардара аудандық білім бөлімі Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атауымен мейрамханада салтанатты іс-шара өткізді. «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» жиырма бес жұлдызды күн акциясы аясында өткен шараға ардагер ұстаздар мен ауыл ақсақалдары, желтоқсан оқиғасының көзін көрген ұстаздар қауымы да арнайы шақырылды.

Жиылған қауымға жайылған ақ дастархан басында аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов құттықтау сөз сөйлеп, жиырма бес жыл ішінде ауданда жүзеге асқан игі істерді айтып өтті.

Аудандық білім бөлімінің басшысы, Ақшагүл Бердалиева мен аудан әкімінің орынбасары  желтоқсан оқиғасына қатысқан ұстаздарды ортаға шақырып, арнайы сөз берді. Қиын-қыстау кезеңнің көзін көргендер жиылған қауымға Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, қанша қазақ баласының қаны мен жаны арқылы жеткендігін айтты. Сондықтан, бұл қасиетті егемендіктің қадіріне жете білу керек десті. 1986 желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан желтоқсаншылар арасында шардаралық ұстаздар қауымы көп екен. Оларға шара барысында  үлкен құрмет көрсетіліп, сый-сыяпаттар жасалды.

Сондай-ақ осы күні педагогика саласында табысты еңбек етіп жүрген бір топ ұстаздарға Ыбырай Алтынсарин медалі салтанатты жағдайда табыс етілді. Мерекеде  аудандық балалар саз мектебінің оқушылары аудандық мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлесе отырып әсем әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. Жиылған қауым көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары