$ 498.51  522.84  4.81

Білім көзі – кітапта!

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» жиырма бес жұлдызды күн акциясы аясында Шымкенттегі Отырар кітапханасында «Білім көзі-кітапта» атты кітап фестивалі өтті. Шара жиырма бес жұлдызды күннің білім күніне негізделген жүйесі бойынша іске асты. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Фестиваль барысында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының «Жыл кітабы» ретінде таңдалған Дулат Бабатайұлының шығармашылығы бойынша жарияланған облыстық әдеби байқаудың қортынды кеші де ұйымдастырылды. Байқауға аудан-аймақтардан іріктелген жиырмаға жуық жас қатысты. Олар шығарманың үздік үзінділерін оқып, тыңдарманға жаңа леп сыйлады. Олардың әдеби-танымдық дүниесін байытты.

Іс-шара барысында елге елеулі еңбегі сіңген, өзі көптеген кітаптардың жарыққ шығуына септесіп жүрген Түркістан  сарайының директоры Күлия Айдарбекова қатысты. Одан өзге көптеген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен оқушы жастардың басын қосқан шарада Тәуелсіздіктің елдің рухани өміріндегі алар орны мен өзіндік рөлі турасында көптеген келелі әңгімелер айтылды.

Бұл ретте, білімнің шындығында кітапта екендігі, жаһандық даму үдерісі деп ғаламторды алға тартпай, шынайы құндылықты кітап көзінен іздеу мәселесі де тыс қалған жоқ.Фестивальге жиылған қауым балғын балалар айтуындағы тағлымы мол өлең жырларын тыңдап қайтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары