Шымкенттегі Еңбекші ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай өңірдің экономикалық қоғамдық-саяси өміріне үлес қосқан «Үздік сала мамандары» марапатталды. Еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктері жиында кеңінен айтылды.
Салтанатты шараға аудан тұрғындары мен мекеме-ұйым басшылары қатысты. Бұлар – күнделікті тыныс-тіршілігімізде өз саласы бойынша аянбай тер төгіп жүрген азаматтар.
«Жылдың үздік медбикесі» атанған Базаркүл Мұхтарованың қуанышында шек жоқ. 35 жылдан астам уақыт бойы наркологиялық диспансерде тік тұрып, қызмет еткен оның еңбегі еш кетпеді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында құрметке бөлендім, - дейді.
БАЗАРКҮЛ МҰХТАРОВА – ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕДБИКЕСІ:
- Өте қуаныштымыз, еліміздің осы тәуелсіздік жылдары медицина саласына деген көзқарасы жақсы болуының арқасында даму бар.Ең бастысы азаматтарымыз аман болсын.
Аудан басшысы елдің гүлденуіне, рухани өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарды құрметке бөлеп, сый-сияпат табыс етті. Саланың сақа маманы ретінде әрмен тер төгуге шақырды.Қайсыбір жетістік болмасын, тәлімді тәжірибемен келеді. Ең бастысы, аянбай еңбек ету қажет. Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған жиында үздіктерге арнап, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Айта кетейік, облыс аумағында 21 қараша күні «21 жұлдызды күн» акциясы басталған болатын. Іс-шара 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады. Бұл күндері мерекелік концерттер, рухани кештер, халықтық шерулер, әзіл-сықақ театрларының қойылымдары және өзге де шаралар өткізіледі.