$ 498.55  524.28  4.75

Тәуелсіздік құрдастары – табысты кәсіп иесі

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында шағын және орта кәсіпкерлік өркен жайып келеді. Оған мемлекет тарапынан берілетін төмен пайызды несие мен моноқала бағдарламасы бойынша бөлінетін гранттардың көмегі көп болуда. Мәселен, соңғы төрт жылда қалада 36 жоба арнайы грантқа ие болған. Нәтижесінде шағын шаһардағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді.

Жыл басында жұмысын бастаған шағын сүт өңдеу цехы мемлекеттік көмектің арқасында аяққа тұрып келеді. Істі бастаған жас кәсіпкер Тәуелсіздік құрдасы Ахмет Өтепбаев. Қазір сүт өнімдерінің 9 түрін шығаратын цех құрылысына «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы 20 млн. теңге  несие берген. Бүгінде жиырмаға жуық азамат соның игілігін көріп, нәпақа айырып отыр. Ал, тағдыр тауқыметін тартқан Еркебұланның жеке кәсіпкер атануына моноқала бағдарламасы бойынша бөлінген гранттың көмегі көп. Өйткені, ол қазір нақ осы жобаның арқасында жұмыс істеуде. Екі миллион теңге грант иеленген жан қазір әртүрлі боямақтар және ұлттық нақыштағы мұқабалар мен ертегілер кітабын басып шығарады.Осылайша, кеншілер қаласында мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын кәсіпкерлік дамып келеді. Егер биылғы жобалар жүз пайыз қуатында жұмыс істесе, бұл көрсеткіштің  алдағы уақытта әлі де жақсара түсері анық.

АХМЕТ ӨТЕПБАЕВ- ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

2017 жылы Шымкент қаласына өзіміздің брендке айналған Кентау сүт өнімдерін Шымкент шаһарына тасысақ деген.. Сол жақта өзіміздің дүкендерімізді ашып ары қарай дамытсақ деген мақсатымыз бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары