$ 498.55  524.28  4.75

Тәуелсіздік бақыт сыйлаған шаһар

Ұлттың ұлылығын танытып, тарихын паш ететін Тәуелсіздік мерейтойы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының ізгі азаматтарына айрықша рух сыйлады. Мерекелік шара барысында шаһар басшысы қаланың өсіп-өркендеуіне үлес қосқандар азаматтарға  «Қала жанашыры» деген  төс белгіні табыс етті. Әр салада қызмет ететін белсенді мамандар да алғыс хаттармен марапатталды.

Қаратау тәжі Кентау тоқырау жылдары «Кіші Париж» келбетінен айырыла жаздады. Тәуелсіздік арқасында қазір шүкір, қаланың жағдайы көңіл қуантарлық. Оған Астанадан ат терлетіп, арнайы келген қонақтар да куә болды.

Ал, қаланың қарыштап дамуына себепкер басшы – бұл жетістіктің барлығын ел Тәуелсіздігімен байланыстырады. Салтанатты шарада қала жастары өнерін паш етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Халқының бірлігі жарасқан, көпұлтты Кентауда көптеген түйткілді мәселелердің түйіні шешіліп, арманға айналған бастамалар жүзеге асты. Бұған жергілікті тұрғындардың, әсіресе, аға ұрпақтың өз қолдарымен тұрғызған қаласын жан-тәнімен сүюі, қиындықтарға сабырмен қарап, қайсарлық танытуы сеп болған. 

Айта кетейік, бұл күні облыстың барлық аудандары мен қалаларында құрметті азаматтарға наградалар берілді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік 25 жылдығына арналған төсбелгілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі еңбегі сіңген азаматтарға Елбасы атынан табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары