$ 442.05  474.14  4.74

Оқушылардың Тәуелсіздікке тартуы

Ел тарихындағы ерекше жыл – Тәуелсіздік мерейтойы әр қазақстандықтың жүрегінде. Шымкенттегі №17 мектептің шәкірттері де бұл салтанатқа ерекше дайындалған. Оқушылар ұйымдастырған салтанатты шараға әл-Фараби ауданының әкімі қатысып, жастарды еркіндіктің ерке желі, дербестіктің дара дәмін айрықша қадірлеуге шақырды.

Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектепте 1000-нан аса бала тәлім алады. Дамудың даңғыл жолына түскен оқу ордасы жыл сайын Ұлттық  бірыңғай тестілеуде  жоғары көрсеткіштерге жетіп келеді. Мектеп  басшысы «бұл  жетістіктің барлығы – егемен ел болудың арқасы» деп біледі. 

Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, 1-сыныптарға  биылдан бастап енгізілген жаңа бағдарлама жақсы әсер етуде. Соның арқасында бүлдіршіндер үш тілді еркін меңгеріп, ойын ашық жеткізуге үйреніп келеді.

ЖАНАР ҚАРАҚҰЛОВА – №17 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Қазіргі  балалар алғыр. Тәуелсіздік жылдары мектеп қабырғасында еңбек етіп келемін. Әрине көптеген өзгерістер орын алуда. Мұның барлығы егемендіктиің арқасы деп білеміз.

Айта кетейік, облыс аумағында 21 қараша күні «21 жұлдызды күн» акциясы басталған болатын. Іс-шара 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады. Бұл күндері мерекелік концерттер, рухани кештер, халықтық шерулер, әзіл-сықақ театрларының қойылымдары және өзге де шаралар өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары