$ 443.35  475.54  4.82

Теріскейлік 50 тұрғын қоныс тойын тойлады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық  мерейтойы қарсаңында  Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының тұрғындары қуанышқа бөленді. Аудандағы  50 отбасы  бұл күні баспаналы болды. Олардың көпшілігі аз қамтамасыз етілген отбасылар мен әлеуметтік сала қызметкерлері.

Тұрғындарға пәтер кілтін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі табыс етті. Тұрғындардың көзінде қуаныш пен көңілінде толқу басым. Солардың бірі – Айман Балтабекова. Көпбалалы анаға Наурыз мөлтек ауданының төрінен төрт бөлмелі пәтер бұйырды. Бұл сәтті тағатсыздана күткен ақ жаулықты ананың атқамінерлерге айтар алғысы шексіз.

АЙМАН  БАЛТАБЕКОВА –СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Тәуелсіздік тойының қарсаңында баспаналы болып жатқанымызға қуаныштымыз. Қос қуаныш қатар келді десек те болады. Біз бұл күнді көп күттік. Елбасына алғыс білдіремін осындай байыпты бағдарламаларды қолға алып жұртшылықтың қамын жеп отырған.

Облыс әкімі тұрғындардың қуанышымен бөлісіп, үй ішін аралап көрді. Айта кетейік, көпшіліктің баспаналы болуына Созақ ауданы бойынша облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия Тұрысбековтың еткен еңбегі көп. Ауданда қазір 450 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Аудан орталығы Шолаққорғанның көркейіп, кемелденуімен олардың да әлеуметтік түйткілі ретімен шешімін табады. Бұл ел экономикасының қарыштап дамып келе жатқанының айғағы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары