$ 498.55  524.28  4.75

Табысты еселеген тәуелсіздік

Тәуелсіздік тойын қазығұрттықтар да тойлап жатыр. Қазық жұрттағы ағайынның дербес елдің аяқтан нық тұруына қосқан үлесі зор. Әр салада айқын өзгеріс, ауқымды тірлік бар.

Аудан бюджеті 1991 жылмен салыстырғанда 115 есеге өскен. Жалпы өңірлік өнім биыл 74,2 млрд теңгеге жетті. Өнеркәсіп саласында да алға ілегерілеушілік бар. Азаттық алған алғашқы жылдармен салыстырғанда 45,8 есеге артқан.

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді насихаттауға арналған салтанатты жиында аудан басшысы Төлеген Телғараев бұқараны тәуелсіздік тойымен құттықтады. Ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктердің сүйектілеріне тоқталды.

Айталық, 1991 жылы аймаққа небәрі 29 млн. теңгенің ивестициясы тартылған. Биыл бұл бағыттағы іс ілгері. 13,963 миллион теңгеге жетті. Сонымен қатар, ауданғы Тәуелсіздік жылдары еңбекетері еленген азаматтарға ауданның құрметті азаматы атағы да берілді. Ауданға еңбегі сіңген көптеген құрлыстармен жол, мал борақылау алаңдарын ашып, ауылдың ондаған азаматтарын жұмыспен қамтып, сонымен қатар, аудан бюджетіне 150 мыңнан астам қаржы құйып отырған азаматтың бірі – Төлендиев Бекасыл.

Ал, Тәулсіздіктің құрдасы Зарина Исаев орталықтағы мектепті үздік аттестатқа бітіріп, бала кезінен армандаған дәрігерлік мамандығымен орталық ауруханада қызмет етуде.

Жиын барысында олардың Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еткен қажырлы еңбектері еленіп, билік тарапынан алғысқа ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары