«Зияткер ұлт». Дәл осындай атаумен физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына тарту ретінде флешмоб ұйымдастырды.
Қала халқы көп шоғырланатын Әл-Фараби алаңына 200-ге тарта оқушы жиналды. Бұл іс шара «25 жұлдызды күн» акциясы шеңберінде өрбіді. Мұндағы мақсат – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтау.
Азаттық қадірін білу – қазіргі буын парызы екенін ұғындыру. Оқушылардың бойындағы патриотизмді, отансүйгіштіктікті арттыратын мұндай іс-шаралар балалардың бойындағы отанға, туған жерге деген рухты, ынтымақтастықты дамытуға да өз септігін тигізеді, - дейді ұйымдастырушылар.
ДИНАРА БЕРДИКЕЕВА – ШЫМКЕНТТЕГІ ФИЗИКА- МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Флешмобты ұйымдастыруымыздың негізгі мақсаты – қазақстандық патриотизмді дамыту. Балалардың бойында мынау өзінің халқына, қаласына деген патриотизмді, сүйіспеншілікті, қоғамға қызмет етуді, азаматтық позициаларын тәрбиелеу болып табылады.
Айта кетейік, қазірі уақытта облыс көлемінде «25 жұлдызды күн» акциясы өтіп жатыр. 21 қараша күні басталған осынау жоба 15 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Акция аясында мерекелік концерттік іс-шаралардан бөлек спорттық жарыстар, айтыс, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын көрмелер мен жиындар, дөңгелек үстелдер және өзге де шаралар өтетін болады.