$ 499.51  525.83  4.62

Тәуелсіз елім – ұлы өлкем!

«Тәуелсіз елім – ұлы өлкем». Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық «Дарын» мектеп-интернаты мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған іс-шара осылай аталды.

Шара барысында көрермен назарына еліміз егемендікке қол жеткізудегі бейнебаяндар топтамасы ұсынылды. Үлкен тәрбиелік мән-мағынаға ие сахналық көріністер қойылып, жиналған көпшілікке дәйекті ой салды.

Мерекелік іс-шараға белсенділік танытқан оқушылар тәуелсіздікті жырлап өткен ақиық ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, жан тебіреністерін толғау арқылы жеткізді. Әуезді әсем әндерімен, күмбірлеп төгілген күйлерімен салтанатты кеш көрігін ашты.

Тәуелсіздік жылдары оңтүстік облысы жұртын толағай табыстармен қауыштырды. Өткенін бағамдап, бүгінгісіне шүкір дейтін халге жеткізді. Әсіресе, әдеби жаңарған өлкенің мәдениеті мен өркениет өрісін кеңейте түсті. Туған өлкенің мерейін асыруға әр перзенті мүдделілік танытты.

Жалпы қазіргі таңда таным-түйсігі бөлек, жаңаша ойлайтын жаңа ұрпақ өсіп келеді. Олар отан мен туған жердің, тәуеклсіздіктің қадірін жете түсінеді дейді, - мектеп интернат басшылығы. Тек білімділер мен талаптылар оқитын мектепте  түрлі бағыттағы осындай кездесулер, байқаулар өткізу дәстүрге айналған. Себебі, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттілігін арттырып, сахнаға бейімделуіне жол ашады, - дейді шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыруышлар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары