$ 444.22  476.38  4.82

Төлебиде медициналық бекет ашылды

Егемендігіміздің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Жіңішке елдімекенінде екі бірдей медициналық бекет ашылды. Жаңа әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына жергілікті тұрғындар жергілікті билік өкілдері жиналды.

Заман талабына сай жабдықталған мекеменің бой көтергеніне жұрт дән риза. Жіңішке елдімекенінде үлкен қуаныш. Өздерінің жаңа ғимараттарына көшкен ақ халатты жандар енді жұмыстарына білек сыбана кіріспек. Бүгінде медициналық бекетте 4 маман қызмет етеді. Кувейт мемлекетінің азаматтары демеуші болған нысанның жобалық құны 12 млн. теңгені құрайды. 

ДОСҚАЛИ ТОЙШЫБЕКОВ – ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ

- Бұрын бізде ескі медпункт еді. Қазір міне, жаңа медпункт салып, заманауи жабдықтар келіп, халқымыздың ем-дом қабылдауына жағдай жасалынып жатыр. Осындай жаңа медпунктер ауылымызда ашыла берсін!

Келесі нысан Қостөбе ауылдық округінде бой көтерді. Осы күнге дейін төлебиліктер медициналық көмек алу үшін көптеген шақырым жол жүріп, аудандық емхана қызметіне жүгінетін. Бұдан былай ауылда емделетін болды.

НУРА ХАЛЕД ӘЛ-УТАЙБИЙ – ДЕМЕУШІ

- Ең бастысы, біз осы Қазақстан мемлекетін тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құтықтаймыз. Біз жасап жатқан проектіміз Кувейт халқынан Қазақстан халқына жасалған жақсылық деп біліңіздер. Бұл – 12 ші проектіміз. Біз болашақта Қазақстандағы бауырларымыздан көмегімізді аямаймыз.

Айта кетейік, Тәуелсіздік мерейтойына орай облыста салынған әлеуметтік нысан бұл жалғыз емес. Бұған дейін де Созақ ауданында балабақша мен көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Сонымен қатар, күні кеше Ордабасы ауданында ашылған үш бірдей балабақша келушілерін қабылдап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары