$ 444.32  473.33  4.76

Ордабасы ауданында балабақша ашылды

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ОҚО, Ордабасы ауданында тағы екі балабақша ашылды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Шұбарсу мен Бадам ауылында бой тіктеген мектепке дейінгі мекеме «Айназия» және «Ұлы ОРДА» деп аталады.

Бөбекжайлар заман талабына сай салынды. Іші толған ойыншық. Акт залы, спорт бөлмесі, ән айту бөлмесі, жатын орны барлығы бар. Балаларға жайлы болу үшін жағдай толығымен жасалып отыр. Екі балабақша да 150 бүлдіршіннен қабылдап, өз жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Ашылу салтанатында аудан әкімі А.Мамытбеков тұрғындарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, өңірде атқарылып жатқан істерді баяндап өтті.

«Үлкен жетістік деп айтуға болады. Еліміздің ширек ғасырлығын тойлаумен тұспа тұс ашылып отырған екі мекеменің де болашағы баянды болады деп сенем. Себебі, соңғы уақытта Елбасы тапсырмасына сәйкес, Оңтүстік жекеменшік-серіктестік әріптестік аясында қолға алынған жобалар көбейіп отыр. Аталған бағдарлама арқылы 2020 жылға дейін балабақшамен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарланған. Бұл соның ізгі амалы», -деді аудан әкімі А.Мамытбеков. Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты З.Маханова да ниеттестігін білдіріп, кәсіпкерлерге қолдау жылдан жылға артып келетінін тілге тиек етті. Сонымен қатар бала болашағы үшн атқарылар істер жалғасын табуына тілектестік білдірді.   

Айтып өтейік, Ордабасы ауданы бойынша жекеменшік балабақша саны 25-ке жетті. Аудандағы жалпы мектепке дейінгі ұйым 40, шағын орталықпен қамтылғаны 21-ге артты. Жалпы бұл алты жасқа дейінгі 6375 баланы қамтып отыр деген сөз. Бұл аудан бойынша бүлдіршіндердің 82.9% құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары