$ 446.49  475.38  4.79

Елбасы күні Арыста да айрықша аталды

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде әрбір қазаққа, Қазақстанды мекен еткен әрбір азаматқа айрықша қымбат. Бұл халықтың өз Елбасымен, ал Елбасының өз елімен бірге біте қайнасқан бүкіл қазақстандықтардың мерекесі.

Осыған орай, Оңтүстіктің оның ілшінде Арыс қаласындағы барлық білім ошақтарында «Елін сүйген, Елі сүйген – Елбасы» тақырыбында арнайы шаралар өткізілді. Мақсат айқын. Жас ұрпаққа Ұлт Көшбасшысының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, оқушылардың патриоттық сезімін арттыру. Оларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған жерін топырағын қадірлеп, қастерлеуге баулу.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаушы кемеңгер тұлға. Тұңғыш Президент. Тәуелсіздігімізді нығайтып, елдің береке мен бірлігін арттыра білген ғаламдық деңгейдегі саясаткер. Әлемнің алпауыт елдері Қазақстанды таныды, мойындады. Алдағы жылы өткелі тұрған ЭКСПО сынағы да біздің күш бірлігімізді паш ететін, ғалымдарымыздығ еңбегін жарыққа шығаруға жол ашатын теңдессіз бастама болмақ. Мұның барлығы тікелей Мемлекет басшысының арқасында жүзеге асырылып отыр. Сондықтан біздің алдағы елу жылға жасаған Ұлттық жоспарымыз мемлекеттік стратегиядан жаңылдырмасы анық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы жолында оқушыларымыз өз білімдерімен ғана үлес қоспақ. Сол себепті де алар асуларыңыз биік болсын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жеткен жетістіктеріміз алдағы жылдары да еселенсін деп тілеймін», -деді Арыс қаласының әкімі М.Болатұлы.

Аталған тәрбие сағаттарда оқушыларға Елбасының өміріне арналған көрмелер ұсынылып, бейнероликтер көрсетілді. Шара соңы концерттік бағдарламамен ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары