$ 444.32  473.33  4.76

Түлкібаста қос шара

ҚР Тәуелсіздігінің ширек ғасырлығына орай Түлкібас аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен баскедболдан 65-ші спартакиада болып өтті. Оған мектептердің 45 құрама командасынан 400-тарта оқушы қатысты.

Жарыста командалар үш топқа бөлініп ойнады. Жеңіспаздар мен үздік ойыншылар аудандық білім бөлімінің мақтау грамоталарымен, дипломдарымен марапатталды.

Сонымен бірге, осы күні мүмкіндігі шектеулі жас таланттардың «Отбасын қолдау аптасы» болды. «Үміт алға жетелейді» ұранымен Дүниежүзілік зағиптар күніне арналған шара Түлкібас аудандық Мәдениет сарайында жалғасты. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұранов осында жиналып отырған зағиптарды төл мерекелерімен құттықтады. Ауданның қоғамдық-саяси өміріне  белсене араласқан: Н.Жандаров, Л.Ф.Коваленко, Н.Шадрида, Б.Байғалиев, А.Орақбаева сынды азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.

Шара барысында Созақ және Түлкібас ауданында тұратын зағип жандардың концерттік бағдарламасы көрермендер назарына ұсынылды. Әсіресе, Р.Тұрғанбаева, Г.Сыздықова, Ж.Кенжетаев, А.Темірәлі, Ж.Ахан, Н.Құрманбеков, Н.Еркін, Н.Ақсәуле, З.Дадаевалардың өнерлері көпшілік қауымға ерекше ұнады.

Көздері нашар көретін жандарға арналған облыстық кітапханасының директоры Б.Нұрмағанбетов, аудандық мәслихаттың депутаты С.Қынтаев, Жаскешу ауылдық округінің әкімі С.Өкебай жарымжан жандарды төл мерекелерімен құттықтап, қуаныштарымен бөлісті. Жүрегі мейірімділік пен қайырымдылықтан жаралған қалталы азаматтар, кәсіпкерлер, мекеме басшылары акция барысында ортаға қойылған шыны жәшікке ақшаларын тастап, өздерінің адамгершілік тұрғыдағы қасиеттерін танытты. Сонымен қатар, шарада қос жанары семген жандардың қолынан шыққан бұйымдар мен салған суреттері көпшіліктің назарына ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары