$ 443.85  474.3  4.8

Жетістікке жетудің сыры неде?

Қазақстан жетістігі – Тәуелсіздік. Оны алғаннан кейінгі жетістік – шетелдің қазақты мойындауы. 25 жыл. Тарих үшін сырын бүккен жылдар қойнауы. Қатпар-қатпар жазулар, саяси стратегиялар... Мұндай жетістік танымы тұнық Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен келсе, сол бастаманың халық арасында қолдау тауып, нақтылы жүзеге асырылуы әр саланың өз жеңімпаздарына байланысты.

Осы және өзге де жетістіктерді өмір сабақтарымен түсіндірген Шымкент қалалық білім бөлімінің қызметкерлері ұстаздармен бірлесіп, «Жетістік тарихы» атты оқушылар арасында тренинг өткізді. Озаттардың жеңісті бағындырудағы құпилары айтылды.

Шара барысында тек сөз ғана емес, кейбір тәсілді шәкірттер топ-топқа бөлініп, ішінара басшы және қосшы бола білді. «Сұңқар», «Бүркіт», «Лашын» сынды топтар барынша ұқыпты және өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауға ұмтылды. Бұдан соң ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бастауыш және жоғары сынып оқушыларына «Frutis», «Myroom» тақырыпта ашық сабақтар өткізілді. Мұндағы мақсат балалардың сабақ оқуға деген ынтасын аша отырып, өмір сүруге құштарлығын ояту, оларды дербестікке, шығармашылыққа үйрету.

«Жетістік тарихы» аясында баланың әр салаға бейімділігі, мамандықтардың қасиеттері, бағыттары, жетістікке және табысқа жету үлгілерінен мысалдар келтіріліп, сабақтар бойынша кері байланыс ұйымдастырылды. Жоғары деңгейде өткізілген шара көпшіліктің көңілінен шықты деп айтуға болады. Жалпы, мұндай шеберлік сабақтары Шымкентте жиі өткізіле бастады, жаңа оқу жылы басталғаннан 167000 астам оқушы осындай шараға қатыстырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Түлкібаста қос шара