$ 442.05  474.14  4.74

Оңтүстікте ауылдар абаттанып жатыр

Оңтүстікте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ауылдарды абаттандыру, күл-қоқыстан тазарту сынды жұмыстар жүйелі түрде өтіп жатыр. Бұл жолғы сенбілікте Түлкібас ауданы мен Қазығұрт жұрт ерекше белсінділік танытты.

Қазығұртқа барған бір сапарында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «елдімекендерді көгалдандыруымыз қажет»,-деген болатын.  Берілген тапсырманы тыңғылықты орындау үшін қазығұрттықтар біркісідей кірісіп кетті. Себебі, саф таза ауа - адам денсаулығы үшін маңызды. Ал, табиғат ананы оттегімен тазартып тұратын тал-дарақтардың пайдасы орасан зор. Әкім тапсырмасына сәйкес, аудан басшылығы 160 түп шырша екті. Игілікті іске ауданның түрлі сала басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қолқабыс етті. Жалпы, аудан көлемінде көктемде 16 380 түп түрлі сәндік ағаштар егіліп, бүгінде күтіп бапталуда екен. Күзгі егілген аршалардың түбі 15 120-ға жетіпті. Міндетті меже 100 пайызға орындалу үстінде.

Түлкібас ауданы бойынша «Ауылым – алтын бесігім» шарася аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүруде. Барлық көше, арық-атыздар, каналдар мен бұлақтардың арналары, үй іргелік аулалар, саябақ, көпқабатты үй маңындағы аулалар күл-қоқыстан аршылды. Барлық мекемелер өз аумағын тазартып, сенбілік акциясына барынша үн қосып жатыр. Түлкібас поселкесі бойынша шараға алты жүзге жуық адам қатысса, екі техника тартылды. Негізгі көше бойындағы ағаштар ақталып, бұтақтары қысқартылды. Майлыкент ауылдық округінің тұрғындары да осы күні белсенді болды. Жергілікті жұрт, ауылды көркейтуді өз ауламыздың тазалығынан бастайық деп, құлшыныс білдіріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары