$ 447.4  477.55  4.76

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында оңтүстікте қос-қосынан нысандар ашылып жатыр

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тартуды Түлкібастықтар ерекше бастап кетті. Бір күнде екі елді мекен тұрғындарының көптен бергі арманы орындалды. Әсіресе, Т.Рысқұлов ауыл жастарының қуанышында шек жоқ.

«STREET WORKOUT» алаңшасы бүгінгі заман талабына сай салынған. Шынығу, асыну, тартыну сияқты спорт түрлерімен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. Құралдар жаңа, қауіп жоқ. Түлкібас коммуналдық шаруашылығының қаржыландыруымен ауыл жастарын спортқа баулу, тарту, салуатты өмір салтын ұстануға насихаттау мақсатында салынған нысан жарты жылға жетпей ел игілігіне беріліп отыр. Мерзімінде құрылысты аяқтаған мердігер мекеме аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбеков алғысын білдірді.

«Бұқаралық спортты дамытуды тапсырған Елбасы бағдарламасына сәйекес ашылып отырған алаңшаға жастар көп жиналады деп сенемін. Бұл жер тек ілкі буынның ғана емес, ардагер аға, апаларымыздың да ортақ шынығатын орнына айналуы керек. Дер кезінде қуаныш сыйлай білген мердігерлерге айтар алғысым шексіз. Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!», -деді өз сөзінде аудан басшысы Ә.Тұрғымбеков. Мұнан соң аудан орталығындағы Арыс өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар үшін жергілікті бюджеттен 8 млн 300 мың теңге қаржы бөлінген болатын. «Жигита» мердігер мекемесі белгіленген уақытта құрылыс жұмыстарын аяқтап отыр. Сонымен қатар, осы күні Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек ауылынан келетін оқушылар үшін қыр жотасына төмен түсу үшін арнайы баспалдақ жасалып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары