$ 480.55  533.75  5.36

«Жасыл ел» акциясы жалғасып жатыр

«Жасыл ел, жасыл экономика». Осындай атаумен Оңтүстік Қазақстан олблысы, Мақтарал ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған акция жалғасып жатыр. Игі бастамаға «KADI» ЖШС-і де қаржылай қолдау көрсетті.

Алтын алқапты аймақтың халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 мың ағаш отырғызу бастамасын аталған шара арқылы қолдауда. Бұған мақтаралдық барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан белсенділері жұдырық боп жұмыла ат салысты.

Пердеш Есенбеков, Мақтарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойының қарсаңында белгіленген іс-шараға байланысты ағаш көшеттерін отырғызып жатырмыз. Мақтарал ауданның атқарушы билік органдары өкілдері 400-жуық жергілікті бөлім қызметкерлері «Таза Қазақстан» атты лебізбен ағаш көшеттерін индустриалды аймаққа, яғни, 28 гектар жерге ағаш көшеттері отырғызып жатыр. Бұл – игі бастама алдағы көктем айларында да өз жалғасын табатын болады.

Айтып өтерлігі, егілген 4 мың түп ағаштың арасында канадалық үйеңкі, емен және катальпа көшеттері бар. Аудан экологиясын жақсарту ісіне жергілікті билік мәслихат депутаттары мен коммуналдық мекеме қызметкерлерін тұтастай тартты. Ұрпаққа малдан гөрі, тал тарту - тағылымды іс екенін акция қатысушылары мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне ұлағаттады. Оларды күтіп-баптау ісін жас ұрпаққа аманат етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары