$ 444.32  473.33  4.76

Оңтүстікте қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО, Кентау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорын іске қосылды. Соңғы үлгіде жабдықталған. Жоба құны – 100 млн теңге.

Теңдесі жоқ кәсіпорын Кентаудың ғана емес, облыстың әжетіне жарайын деп тұр. Еліміз бойынша жылына 1 млрд тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Кейбірі бір ғасырға дейін жер астында жата беретінін ескерсек, қоршаған ортаға үлкен қауіп төніп тұр. Кеншілер қаласынан бой тіктеген соны кәсіпорын түйіткілдің түйінін тарқата түседі деген сенім бар.

Әбдібақыт Мақұлбаев, Кентау қаласының әкімі:

Ел Тәуелсіздігі қарсаңында жаңа кәсіпорын ашылып отыр. Бұл Кентау қаласының гүлдене түсуіне, таза қалаға айнала түсуіне өз септігін тигізетін болады деп есептеймін.

«Статус Эверст» ЖШС-нің жұмысын жандандыру үшін жеке инвестордың өз қаржысы жұмсалған. Кәсіпорын басшылығы шығарған өнімдерін Ресей еліне экспорттауды жоспарлап отыр. Оған қажетті тұрмыстық қатты қалдық күнгейдің түкпір-түкпірінен және Қызылорда облысынан жеткізіледі.

Санжар Сүлеймнов, «Статус Эверст» ЖШС-нің директоры:

- Бұл қалдықтан бірінші этапта сентифон шығады. Әртүрлі полгаға дейін. Негізі бірнеше зат шығарса болады. Әмбебап. Бірақ, әзірге нақты жоспар бойынша алғашқы қадамдарымызды жасаймыз. Сәтті аяқтан тұрып жатсақ, өнімімізді шетел нарығына шығарамыз.

Күл-қоқысты кәдеге жарататын кәсіпорындар жерасты су көздері мен топырақтың беткі қабатын бүлінуден сақтайды. Серіктестік іс нәтижелі болса, өндіріс ошағының көлемін ұлғайтпақ ниетте. Әзірге 25 адам тұрақты жұмыс тапқан. Айтып өтейік, нысанның ашылу салтанатына ҚР Индустрия және даму министрлігінің көлік комитеті төрағасының орынбасары Н.Қайриден, халық қалаулылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары