$ 449.58  486.94  4.86

Кентау трансформатор зауытының жанынан тағы екі цех іске қосылды

«Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 25 негізі» акция аясында кентаулықтар «индустрияландыру күнін» атап өтті. Яғни, қос қуанышқа кенелді.

Кентау трансформатор зауытын күнгейліктер ғана емес, күллі қазақстандық біледі. Өндірістік қуаты жоғары кәсіпорын жақында өткен «Алтын сапа» отандық тауар өндірушілер байқауында да жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын. Енді осы жеңіс еселеніп, нысан жанынан екі бірдей шағын цех іске қосылды.

«Электродеталь» және «Электроприбор» кәсіпорындары қаладағы индустриалды аймақ ажарын ашып тұр. Мұнда 50-гу жуық жан жұмыс істейді. Естеріңізде болса, бұған дейін трансформаторға керекті қосалқы бөлшектер шетелден алынатын. Сырттан тасымалдауға кеткен шығын да қалтаға салмақ түсіріп келді. Шағын цехтардың іске қосылуы - импортқа деген тәуелділікті түбегейлі жойып отыр және бұл жоба отандық тауар өндірушіге қол келді.

«Ұлы дала елі» бренді. Бұл – трансформатор зауытына Арқа төсі Астанада өткен сапа байқауынан берілген номинация. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған конкурста кәсіпорын көп ішінен суырылып алға шықты. Үздік атанды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай зауытта еңбек еткен әрбір жұмысшыға тарту жасалды. 25 мың теңге қаржы мен бір қап ұннан үлестірді. Ұжымда көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен 80 шаңыраққа қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Жалпы, 1200-ден аса адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс ошағы таяуда 80 мегаватты трансформатор жасап шығарды. Басшылық бұл жемісті еңбекті ел егемендігінің 25 жылдығына жасаған тартуымыз, -деп бағалайды. Дамуы – жедел, келешегі – кемел кәсіпорынның алға қойған жоспарлары көп. Тың дүниелер өміршеңдігін осылайша жоймайды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары