$ 443.35  475.54  4.82

Қазақтың байлығы – дархан даласы

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Бәйдібек ауданындағы «Шапағат» бөбекжай балабақшасында «Туған жерім, тамаша!» атауымен облыстық семинар өтті. Шараның негізгі мақсаты – тарихтан  тағылым алар дүниелерді кішкентай ғана бүлдіршіндерге іс-әрекетпен жеткізу, табиғат ана сыйлаған байлықты бағалата білу.

«Тәрбие басы тал бесік» деп, қазақ халқы бекер айтпаған. Әр балаға тәрбие ананың ақ сүтімен дарыса да, оны әрі қарай жетілдіру қоғамның міндеті. Осыған байланысты қолға алынған шарада Оңтүстіктің бетке ұстар тәжірибелі педагогтары тәрбие жұмысындағы тың тәсілдерді әдістемеге енгізе білді. Семинарда балалар туған өлкенің табиғатына сапарлап, Шаянның шаттық мекен екенін өнерлерімен танытты.

Өскен сайын түйсіктерінің қалыптасуына қоршаған ортаның яғни, табиғаттың соншалықты әсер етіп жатқанын қимыл-қозғалыстарымен, әрекеттерімен байқатты. Сонымен бірге, бау-бақша өнімдерін өсіру, оларды күту, жерді тыңайту сынды жұмыстарды істеген балдырғандар үлкенге көмектесу жолдарын сахналық қойылыммен көрсетті.

Көрермендерді қуанышқа бөлеген балалар семинар тақырыбының ашылуына өз тараптарынан осындай көмегін тигізді. Жаттандылық, жасандылықтан ада сәбилер бал тілдерімен тақпақтарды да, әндерді де өз нақышына келтіре орындап берді. Тәрбиешілері берген тапсырманы әрқайсысы тиянақты орындап, тәрбиешілерінің де мерейін үстем етті.

Семинар соңын сайысқа айналдырған ұйымдастырушылар үздік топтарды жоғары бағалап, бағалы сыйлықтарды үлестірді. «Біздің бау-бақша», «Шаяным - шаттығым», «Туған өлкенің табиғаты» тақырыптарында тәрбиешілер топ-топқа бөлініп, сабақ өтті. Отанды сүюге бағытталған шарада Ордабасы, Отырар, Созақ аудандары мен Түркістан қаласынан келген педагогтар белсенділік танытты. Бұдан әсіресе, сала мамандары шеберліктерін тағы бір шыңдауға мүмкіндік алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары